Футзал. Қазақстан Өзбекстанмен өтетін ойынға құрамын жариялады

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы ФИФА күнтізбесіне сәйкес 14-19 қазан аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Біздің жігіттер ОЖЖ аясында Өзбекстан құрамасының шақыруымен Ташкентте 16 және 18 қазан күні екі жолдастық матч өткізеді.
Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны бүгін Алматыда басталады. Алдағы жиынға 17 ойыншы шақыртылды:
Қақпашылар: Талғат Өтепбергенов («Атырау») Бақдәулет Өмірзақов («Астана») Артур Галиханов («Аят»)
Алаңдағы ойыншылар: Альберт Ақбалықов («Ақтөбе») Нұрқанат Бақтияров («Ақтөбе») Рамазан Бисембайұлы («Атырау») Азат Валиуллин («Аят») Иван Марахов («Аят») Ілияс Бөлекбаев («Бәйтерек») Эдсон Гомес Дос Сантос («Қайрат») Біржан Оразов («Қайрат») Дамир Қайырбай («Қайрат») Тимур Мәлібеков («Тұлпар») Ақжол Дәрібай («Семей») Әбдірәсіл Абдуманапұлы («Семей») Нұрсұлтан Пиялы («Семей») Александр Дерябин («Тюмень», Ресей)
15 қазан күні футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ташкентке аттанады.
Қазақстан чемпионаты: «Қарағанды» — «Бәйтерек» матчы тең аяқталды
«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионаты матчына «Ақтөбені» жеңді