Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі басталды

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі басталды

Астанада қазіргі таңда конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтіп жатыр.

Жарысқа ұлттық құраманың көшбасшыларын қоса алғанда, көптеген спортшы қатысуда.

Турнирдің басты мақсаты - жаңа маусымда ел намысын қорғайтын және Олимпиадаға жолдама берілетін Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінде сынға түсетін Қазақстан құрамасын жасақтау.

Айта кетейік, 2026 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу төрт кезеңнен тұратын Әлем кубогы барысында өтеді. Оның алғашқысы 14-16 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.

Екінші кезең 21-23 қараша аралығында Канаданың Калгари қаласында ұйымдастырылады.

Үшінші кезең 5-7 желтоқсанда Нидерландтың Херенвен қаласында болса, төртінші кезең 12-14 желтоқсан күндері Норвегияның Хамар қаласында өтеді.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или