Белгілі бапкер Ілияс Оралбеков Сабырхандардың алдағы мақсаты туралы пікр білдірді

Белгілі бапкер Ілияс Оралбеков Сабырхандардың алдағы мақсаты туралы пікр білдірді

Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері Махмұд пен Төрехан Сабырханның жеке бапкері Ілияс Оралбеков шәкірттерінің басты мақсатын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маманның айтуынша, команда Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындық жүргізіп жатыр және басты мақсат – алтын алу екенін атап өтті.

«Біздің көздеген мақсатымыз айқын – Лос-Анджелес Олимпиадасы. Алла қаласа, қатарынан екі алтын аламыз. Бұл – біздің арманымыз және басты мақсатымыз. Уақытымызды бос әңгімеге немесе өсекке жұмсамаймыз. Біз тек алға қараймыз. Жақында Махмұд пен Төрехан тарихқа енді, енді сол тарихты қайта жазып, Олимпиада чемпиондары атануы керек», – деді Оралбеков.

Айта кетейік, қыркүйек айында Ливерпульде өткен World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен алғашқы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді. Сол додада Махмұд (55 кг) және Төрехан Сабырхан (70 кг) алтын медаль жеңіп алып, ұлттық бокстың тарихына өз есімдерін алтын әріппен жазды.

Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатының жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы берді

Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны жекпе-жегін бағалады

Геннадий Головкин рингке қайта оралуы мүмкін екенін меңзеді

Қазақстандық бапкер IBA мен World Boxing әлем чемпионаттарын салыстырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или