Қазақстан ҰОК президенті әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті

Қазақстан ҰОК президенті әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Кездесу барысында ҰОК басшысы спортшыны 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

Еске сала кетейік, Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, соңғы 26 жылда және XXI ғасырда Қазақстанның грек-рим күресіндегі алғашқы алтын жүлдесін ел қоржынына салды.

«Айдос жоғары шеберлік пен табандылық танытты. Оның жеңісі - көп жылғы еңбектің және мақсатқа жүйелі түрде ұмтылудың нәтижесі. Бұл жетістік тек грек-рим күресі үшін ғана емес, жалпы қазақ спорты үшін де үлкен маңызға ие.

Енді осы қарқынды сақтап, Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықты жалғастыру қажет.

Ұлттық Олимпиадалық комитет өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын. Айдосқа жаңа олимпиадалық маусымда сәттілік пен табыс тілеймін», - деді Геннадий Головкин.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін де 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Сондай-ақ оның еншісінде құрлық біріншілігіндегі жеңіс те бар.

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды

Астанада әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға құрмет көрсетілді

Демеу Жадраев грек-рим күресінен әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или