Зидан барлық уақыттағы ең үздік футболшыны атады

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы бас бапкері, әйгілі франциялық экс-футболшы Зинедин Зидан барлық уақыттағы ең үздік футболшы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты чемпионат-қа сілтеме жасап.
«Егер маған барлық уақыттағы ең үздік ойыншыны атау керек болса, мен Бразилия құрамасынан Роналдоны таңдар едім. Оның алаңда істегені керемет болды. Ол қарсыласына «мен трюк жасаймын» деп айтатын және ол мұны істейтін еді», — деп келтіреді ESPN Зиданның сөзін.
Футбол мансабында Роналдо «Крузейро», ПСВ, «Барселона», «Интер», мадридтік «Реал», «Милан» және «Коринтианс» сияқты клубтарда ойнады. Ол «Реал Мадрид» сапында ең көп матч өткізген – 177 ойында 104 гол соққан. Бұрынғы шабуылшы Бразилия құрамасы сапында 99 матч өткізіп, 62 гол соғып, 32 нәтижелі пас берді.
Жастар арасындағы әлем чемпионатында 1/2 финал жұптары анықталды