Петр Ян мен Мераб Двалишвили арасындағы реванш қашан өтетіні белгілі болды

Ресейлік файтер Петр Ян 6 желтоқсанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 323 турнирінде грузин Мераб Двалишвилимен реванш өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы чемпион Двалишвили мен Ян арасындағы кездесу турнирдің басты жекпе-жегі болады. 2023 жылдың наурызында Двалишвили ресейлік файтерді төрешілен шешімімен жеңген болатын.
32 жастағы Янның еншісінде ММА-да 19 жеңіс пен бес жеңілісі бар. Двалишвилиде 21 жеңіс және төрт жеңіліс бар. 34 жастағы грузин биылдың өзінде үш рет чемпиондық белбеуін қорғаған.
Чарльз Оливейра UFC-де үш рекордты жаңартты
UFC экс-чемпионы Жозе Альдо ММА-дегі мансабын түпкілікті аяқтады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или