Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебютін қашан өткізетінін айтты

Қазақстандық UFC файтері Әліби Ыдырыс әлемдегі ең беделді аралас жекпе-жек ұйымындағы дебюті қашан өтетіні туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жекпе-жекке қатысты бізге алдын ала айтқан мерзім - қаңтар немесе ақпан. «Сол уақытқа дайын бол, сол мерзімге жоспарлап отырмыз» деді. Әзірге ресми күні белгіленген жоқ», - деді Ыдырыс Legalbet.kz тілшісі Виталий Гецке.
2025 жылдың тамызында 31 жастағы Ыдырыс кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісін тапқан еді.
Оның еншісінде он жеңіс бар. UFC 319 турниріндегі жеңілісіне қарамастан, ол ұйыммен төрт жекпе-жекке келісімшартқа қол қойды.
Чарльз Оливейра UFC-де үш рекордты жаңартты
UFC экс-чемпионы Жозе Альдо ММА-дегі мансабын түпкілікті аяқтады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или