Видео. Екі қазақстандық хоккейші ҚХЛ аптаның ең үздік 10 голының қатарына енді

Видео. Екі қазақстандық хоккейші ҚХЛ аптаның ең үздік 10 голының қатарына енді

Құрлықаралық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаттың алтыншы аптасындағы ең әдемі шайбалардың топтамасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оған бірден екі қазақстандық хоккейші енді.

Сегізінші орында — «Барыс» шабуылшысы, 20 жастағы Семен Симонов. Ол Нижний Новгородтың «Торпедосына» қарсы өткен ойында (3:5) әдемі голымен көзге түсті.

Ал екінші орынды Қазақстан құрамасы мен магнитогорскілік «Металлург» қорғаушысы Валерий Орехов иеленді. Оның Нижний Новгород командасының қақпасына бағыттаған дәл соққысы клубына 4:1 есебімен жеңіске жетуге көмектесті.

Екі жыл ойнамаған хоккейші «Бейбарыс» сапына қосылды

«Горняк» сапында өзгерістер болды

«Барыс» Ресейден келген шабуылшыны бас тарту драфтына жатқызды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или