ATP жаңартылған рейтингті жариялады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко ATP жаңартылған рейтингте жұптық сында орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Попко 212 орынға көтеріліп, жұптық сында 871-орынды иеленді. Қазақстандық теннисшілер арасында жұптық рейтингте әлі де ең үздік болып Александр Недовесов қалып отыр — ол 274-орында.
Сонымен қатар елдің үздік бес теннисшісі қатарына Бейбіт Жукаев (360-орын, +4), Григорий Ломакин (387-орын, +18), Денис Евсеев (492-орын, -5) және Тимофей Скатов (810-орын, +5) кіреді.
Ал ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін Александр Бублик сақтап қалды — ATP жаңартылған рейтингінде ол 16-орында тұр.
Қазақстандық теннисші Оңтүстік Кореядағы турнирде топ жарды
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте ТОП-15-ке жақындады
17 жастағы қазақстандық теннисші әлемнің 35-ші ракеткасына қарсы матч өткізеді. Тікелей трансляция