«Барыс» шабуылшысы Иван Николишин команданың бас тартылғандар тізіміне енді

Елордалық «Барыстың» шабуылшысы Иван Николишин команданың бас тартылғандар тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Команданың баспасөз қызметі Instagram-да атап өткендей, 48 сағат ішінде кез келген ҚХЛ клубы хоккейшіге өз құрылымында карьерасын жалғастыруды ұсына алады. Осылайша Иван Николишин бас тарту драфтына енгізілді.
Өткен маусымды 29 жастағы форвард Омбының «Авангард» сапында бастады, ол үшін 11 матч өткізіп, «-2» пайдалылық көрсеткіші бойынша бір ғана нәтижелі пас берді. Маусым барысында шабуылшы «Барысқа» ауысты. Қазақстандық клуб құрамында Николишиннің есебінде 51 ойын және 11 (4+7) ұпай бар. ҚХЛ-да Иван барлығы 336 матч өткізіп, 133 ұпай жинады: 52 шайба лақтырып, 81 нәтижелі пас берді.
Бұған дейін «Барыс» Астанада «Адмиралды» ойсырата ұтып кеткен болатын.
Қазақстандық бапкер ҚХЛ клубында қызмет атқаратын болады
Қазақстан чемпионатының бесінші аптасының үздік ойыншысы анықталды
Қазақстандық шабуылшы Финляндия чемпионатындағы кездесуде екі ұпай еншіледі