Жәнібек Әлімханұлы қазіргі чемпиондарға қарсы жағымсыз пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлы қазіргі чемпиондарға қарсы жағымсыз пікір білдірді

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегі қарсаңында жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде қазақстандық боксшы өзінің әлеуметтік желісінде жазды.

«Нағыз чемпион төрт титулдың бәрін иеленуге ұмтылуы керек! Егер сенде 1-2 ғана белбеу болса демек, салмағыңда басқа да чемпиондар әлі бар деген сөз.

Чемпион ешқандай титулды өзгеге қалдырмай, барлығын жинауға тырысуы керек! Чемпиондық ұстаным осындай болу шарт деп есептеймін», — деп жазды боксшы.

Шетелдік ақпарат көздерінің мәліметіне сенсек «Qazaq style» атанған былғары қолғап шебері 6 желтоқсанда WBA белбесуін жеңіп алу үшін кубалық Эрисланди Ларомен қолғап түйістіреді. 

Қазіргі уақытта Жәнібек АҚШ-та алдағы жекпе-жекке дайындығын бастап кетті. Ол алдағы жекпе-жекің сәтті өтетініне толық сенімді болып отыр. 

«Жақында... жеңіл жұмыс!», — деп жазды Жәнібек Х әлеуметтік желісіне.

Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгуды нокаутқа түсірген болатын. Лара соңғы рет 2024 жылдың 14 қыркүйегінде мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Эдгар Берланганың андеркардында Лас-Вегаста жекпе-жек өткізіп, әлемнің бұрынғы екі дүркін чемпионы Дэнни Гарсияны жеңді.

Ресми: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Жәнібек Әлімханұлы желтоқсанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Қарсылас белгілі

Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или