OCTAGON 80: Басты шайқаста кімдер төбелеседі?

Астанада өтетін OCTAGON 80 турнирінің негізгі жекпе-жектері ресми түрде белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
25 қазандағы доданың басты шайқасында орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жек өтеді, онда қазақстандық титул иегері Бауыржан Қуанышбаев (19-6) әзірбайжандық Хамзат Чапановқа (15-5) қарсы белбеуін қорғайды.
Екінші маңызды жекпе-жекте жеңіл салмақта жеңіліп көрмеген Қырғызстан чемпионы Руслан Қасымалы ұлы (10-0) қазақстандық Нұржігіт Байменмен (8-0-1) кездеседі.
Сондай-ақ жекпе-жек кешіне Қожахмет Иманғали (7-0) қатысады, ол «Қазақ сехудосы» Дамир Төленовті ұтқан бразилиялық Клаудеси Бритомен (14-5) төбелеседі.
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON 78 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 78 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы