Өзбекстан мамандары FIFA-да басшылық лауазымдарға тағайындалды

Тарихта алғаш рет Өзбекстанның футбол мамандары ФИФА-ның ресми комитеттеріне тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Равшан Ирматов Технологиялар, инновациялар және цифрлық трансформация комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқаратын болды.
Бұдан бөлек, Өзбекстан футбол қауымдастығының бас хатшысы Аваз Максумов жағажай футболы жөніндегі комитеттің құрамына енсе, әйелдер футболын дамыту бөлімінің басшысы Юлия Панина әйелдер ұлттық құрамалары арасындағы жарыстар комитетінің мүшесі болып тағайындалды.
Бұл тағайындаулар Өзбекстанның ФИФА-мен ынтымақтастығының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Бұған дейін елде 2024 жылы футзалдан әлем чемпионаты өткен болатын, ал 2027 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатына дайындық басталып кетті.
Жастар арасындағы әлем чемпионаты: Жарыс жолында төрт команда қалды
Қуат Хамитов: «Әлсіз команданы жеңіп, қуанып жүрсіңдер»
Талғат Байсуфинов Қазақстан - Лихтенштейн матчы туралы пікір білдірді