Қазақстан құрамасы Солтүстік Македонияға қарсы ойын алдында жаттығу өткізді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македонияға қарсы ойыны алдында оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Солтүстік Македония мен Қазақстан арасындағы кездесу 13 қазаннан 14 қазанға қараған түні Скопьеде өтеді.
Осы ойынға дейін Солтүстік Македония 12 ұпаймен J тобында көш бастап тұр. 6 ұпайы бар Қазақстан турнирлік кестеде төртінші орында. Қазақстан футбол құрамасы алдыңғы ойында Лихтенштейнді 4:0 есебімен ұтса, македониялықтар Бельгиямен 0:0 есебімен тең түсті.
Қуат Хамитов: «Әлсіз команданы жеңіп, қуанып жүрсіңдер»
Талғат Байсуфинов Қазақстан - Лихтенштейн матчы туралы пікір білдірді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или