«Астана» шабандозы Италиядағы жарыста төртінші орын алды

Жексенбі күні Италияда бір күндік «Трофео Тессиле & Мода — Вальденго Оропа»жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші және үшінші орындарды UAE Team Emirates-XRG командасынан британиялық Адам Йейтс пен австралиялық шабандоз Джей Вайн иеленді. Екінші орынды Tudor Pro командасының франциялық шабандозы Мэтис Рондель алды.
«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені мәреге төртінші болып келген Кристиан Скарони көрсетті.
«Трофео Тессиле & Мода — Вальденго Оропа» Valdengo — Oropa. 170.9 километр.
1. Адам Йейтс (Великобритания, UAE Team Emirates-XRG) — 3:58:48
2. Мэтис Рондел (Франция, Tudor Pro) — +0:11
3. Джей Вайн (Австралия, UAE Team Emirates-XRG) — +0:25
4. Кристиан Скарони (Италия, «Астана») — +0:32
12. Ваут Пулс (Нидерланды, «Астана») — +1:32
23. Лудовико Меллано (Италия, «Астана») — +2:12
30. Сантьяго Умба (Колумбия, «Астана») — +2:39
88. Маттиа Негренте (Италия, «Астана») — +11:54.