Аңыз боксшы мәлімдеме жасады

Үш салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы IBF титулының иегері америкалық Джеймс Тони Дэвид Бенавидес ресейлік Дмитрий Биволды нокаутқа түсіре алады деп есептейді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты MMA.Metaratings.ru-ға сілтеме жасап.
«Дэвид Бенавидес белсендірек және қаттырақ соққы береді. Ол Биволды нокаутқа түсіреді», — деді Тони Mill City Boxing-ке берген сұхбатында.
Бенавидес кейінгі рет 2025 жылдың ақпан айында жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен Дэвид Моррелді жеңген болатын. Оның мансабында 30 жеңіс бар (24-і нокаутпен) және жеңіліп көрмеген.
Ресми: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек өткізеді
Жәнібек Әлімханұлы желтоқсанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Қарсылас белгілі
Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді