Оливейра жеңісінен кейін промоушен тарихындағы үздік көрсеткіштерге қол жеткізді

Оливейра жеңісінен кейін промоушен тарихындағы үздік көрсеткіштерге қол жеткізді

UFC-дің жеңіл салмақтағы (70 кг) бұрынғы чемпионы, 35 жастағы бразилиялық Чарльз Оливейра Рио-де-Жанейрода өткен UFC Fight Night 261 турнирінде поляк Матеуш Гамротты жеңіп, бірден үш рекордты жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оливейра тұншықтыру әдісімен жеңіске жетіп, өз мансабындағы 21-ші мерзімінен бұрынғы жеңісін тіркеді. Екінші орында тұрған америкалық Джим Миллердің еншісінде 19 осындай жеңіс бар.

Бұл Оливейраның сабмишен арқылы жеңіп алған 17-ші жекпе-жегі болды — бұл да UFC тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Миллер бұл тізімде 13 жеңіспен екінші орында.

Сонымен қатар, бразилиялық файтер алған бонус саны бойынша да жаңа рекорд орнатты — Рио-де-Жанейродағы жекпе-жектен кейін ол өзінің 21-ші бонусын иеленді. Бұған дейінгі рекорд Дональд Серронеге тиесілі болатын (18 бонус).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или