Әлемнің 204-ракеткасы Валантен Вашеро Шанхайда алғашқы титулын жеңіп алды

Әлемнің 204-ракеткасы, Монако өкілі Валантен Вашеро Қытайдың Шанхай қаласында өткен Masters сериясындағы турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда ол өз ағайыны — әлемдік рейтингтің 54-орнындағы француз Артур Риндеркнешті 4:6, 6:3, 6:3 есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 11 минутқа созылды.
Вашеро матч барысында сегіз эйс орындап, бір ғана қос қате жіберді және 14 брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды. Ал Риндеркнештің еншісінде 11 эйс, бір қос қате және бір брейк бар.
Бұл — 26 жастағы Вашероның мансабындағы алғашқы ATP титулы. Ол турнирдің негізгі кезеңіне іріктеу арқылы өткен болатын. Енді рейтингте бірден 164 сатыға көтеріліп, әлемнің 40-ракеткасына айналады.
Еске сала кетейік, Шанхай турнирінің екінші айналымында Вашеро қазақстандық Александр Бубликті жеңген еді.
Қазақстандық теннисші Алматыдағы турнирдің іріктеу финалына шықты
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирді сәтті бастады
Джессика Пегула WTA-2025 маусымының қорытынды турниріне жолдама алды