Тайгер Вудс беліне жетінші рет ота жасатты

Тайгер Вудс беліне жетінші рет ота жасатты

15 мәрте «Мэйджор» турнирлерінің жеңімпазы, америкалық гольфшы Тайгер Вудс беліне тағы да ота жасатқанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл — 2014 жылдан бергі оның жетінші бел операциясы. Бұған дейін, биыл наурыз айында, 49 жастағы спортшы ахилл сіңірінің жыртылуына байланысты отадан өткен болатын.

«Арқам ауырып, қозғалыс шектелген соң дәрігерлерге қаралдым. Тексеру нәтижесінде омыртқадағы диск (L4/5) зақымданып, қысым пайда болғаны анықталды. Сондықтан дискіні алмастыру туралы шешім қабылдадым. Дұрыс қадам жасағаныма сенімдімін», — деп жазды Вудс әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Вудс 2021 жылы көлік апатынан оң аяғы мен тобығын сындырып, бір жыл үзілістен кейін ғана жарысқа оралған. Соңғы төрт жылда ол барлығы 15 турнирге қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или