Албаниядан жеңілген соң Стойкович қызметінен кетті

Албаниядан жеңілген соң Стойкович қызметінен кетті

Сербия құрамасының бас бапкері Драган Стойкович Албаниядан (0:1) жеңілгеннен кейін отставкаға кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен президент Драган Джаич пен бас хатшы Бранко Радуйкоға отставка туралы өтінішімді тапсырдым. Андорраға бармаймын, команданы көмекшім Горан Джорович бастап шығады. Бұл – тарих.

Жеңілгеннен кейін бәрін ақылды генералдар секілді талдау оңай. Сен идеяңа сенесің, өз қабілетің нәтижеге жеткізеді деп ойлайсың. Бірақ олай болмады. Егер тең ойнасақ, бәрі қалыпты болар еді. Ал тікелей бәсекелеске өз алаңымызда есе жіберу – ауыр соққы. Бұл үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын.

Ойыншыларға тек сәттілік тілеймін. Бүкіл ұлттан кешірім сұраймын және осы төрт жарым жыл бойы көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Футболда жеңіс те, жеңіліс те бар. Бұл жолы осылай аяқталуы тиіс еді», – деді Стойкович баспасөз мәслихатында.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или