Қазақстанның жұптық разрядтағы үздік теннисшісі Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Уханьда (Қытай) өткен WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қарсыластар — чех Катерина Синякова мен австралиялық Сторм Сандерс дуэті — 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Кездесу 1 сағат 9 минутқа созылды.
Бұған дейін бұл жұптар өзара кездесіп көрмеген еді. WTA 1000 санатындағы турнир 6–12 қазан аралығында өтуде, жалпы жүлде қоры — 3 654 963 доллар.