Аңызға айналған Жозе Альдо жекпе-жек спортынан кетті

Аңызға айналған Жозе Альдо жекпе-жек спортынан кетті

UFC-дің бұрынғы чемпионы Жозе Альдо ММА-дегі мансабын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

39 жастағы бразилиялық файтер Рио-де-Жанейрода өткен UFC Fight Night 261 турнирінде октагонға шығып, қоштасу сөзін айтып, перчаткасын төсенішке қалдырды.

Альдо ММА-де 42 жекпе-жек өткізіп, оның 32-сінде жеңіске жеткен. Ол 2010 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың қазанына дейін UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы болды.

Айта кетейік, Жозе Альдо бұған дейін де 2022 жылдың қыркүйегінде мансабын аяқтағанын хабарлаған, алайда екі жылдан соң қайта оралған еді.

Оливейра мен Гамрот салмақ өлшеуде «тең» нәтиже көрсетті

Илия Топурия Шавкат Рахмоновтың дивизионына өтуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или