УЕФА іріктеу турнирінің ережелерін өзгертуі мүмкін

УЕФА іріктеу турнирінің ережелерін өзгертуі мүмкін

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) әлем және Еуропа чемпионаттарына іріктеу тәртібін өзгертуді көздеп отыр.

Report агенттігінің мәліметінше, ұйым ойындарға трансляциялау құқығын сатудан түсетін кірістің азаюына наразы. Сондықтан іріктеу турнирлерін өткізу формуласын өзгертуге дайын.

Атап айтқанда, Ұлттар лигасын әлем чемпионаты немесе Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі ретінде пайдалану ұсынылады. Сондай-ақ жұмыс тобы бір лига кестесі бар швейцариялық үлгіні енгізу мәселесін талқылап жатыр. Бұл формат өткен маусымнан бастап еуропалық жарыстарда қолданылып келеді.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или