Елена Рыбакинаның Қытай турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның (WTA рейтингінде 9-орында) Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан турниріндегі алғашқы кездесуіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина бірінші айналымға қатыспайды, бірақ екінші раундта Виктория Мбоко (Канада, 24-орын) мен Даяна Ястремска (Украина, 31-орын) арасындағы кездесудің жеңімпазымен қиын кездесу күтіп тұр.
Нинбодағы турнирдің жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды. Жеңімпаз 164 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпайға ие болады. Қазіргі чемпион – австралиялық Дарья Касаткина (19-шы). Елена Рыбакина турнирде үшінші нөмірмен қатысады.
Қазақстандық теннисші Азия чемпионатының финалына жолдама алды
Қазақстандық теннисші Алматыдағы турнирдің іріктеу финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или