Қазақстандық теннисші Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Заңғар Нұрланұлы – Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында өтіп жатқан ITF Juniors J300 турнирінде (бейресми Азия чемпионаты U18) қазақстандық теннисші финалға жолдама алды.

Жартылай финалда әлемнің 23-ракеткасы саналатын Заңғар Нұрланұлы Гонконг спортшысы Николас Ченгті 6:3, 6:1 есебімен сенімді жеңді. Бұл – оның хардтағы қатарынан 10-жеңісі.

Финалда Заңғар ертең, 12 қазанда, Кал Томпсон (Гонконг) мен Куан Чеу Ченнің арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Қазақстандық теннисші Алматыдағы турнирдің іріктеу финалына шықты

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирді сәтті бастады

Джессика Пегула WTA-2025 маусымының қорытынды турниріне жолдама алды

Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или