«Бавария» «Ноттингем Форест» қорғаушысын қатарына қоспақ

«Бавария» «Ноттингем Форесттің» орталық қорғаушысы Муриллоға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sport Bild басылымының мәліметінше, 23 жастағы футболшыға «Челси» де көз тігіп отыр.
Дереккөзге сәйкес, ойыншының құны шамамен 55 миллион еуроға бағаланады. Бұл «Баварияның» Муриллоны алу үшін алдымен кейбір ойыншыларды сатуы қажет екенін білдіреді.
Айта кетейік, бұған дейін бразилиялық қорғаушыны мадридтік «Реал» сатып алуға талпынған болатын.
Мурилло 2023 жылдың жазынан бері ағылшын клубының сапында өнер көрсетіп келеді. Қазіргі маусымда ол барлық турнирлерде бес матчқа қатысып, нәтижелі әрекеттермен көзге түскен жоқ. Футболшының клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазының соңына дейін есептелген.
Футболшы жеті гол соққан матчтан кейін қамауға алынды
Қуат Хамитов: «Әлсіз команданы жеңіп, қуанып жүрсіңдер»
Талғат Байсуфинов Қазақстан - Лихтенштейн матчы туралы пікір білдірді