Чарльз Оливейра UFC-дің ең үздік спортшысын атады

UFC-дің бұрынғы чемпионы, бразилиялық Чарльз Оливейра салмақ дәрежесіне қарамастан ұйымдағы ең үздік спортшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазір ең үздік файтер кім? Маған Мераб Двалишвилидің жекпе-жектерін қарау қатты ұнайды. Бұл жігіт кез келген қиындықты еңсере алады және өз ісін тамаша орындайды», — деді Оливейра TNT Sports арнасына берген сұхбатында.
Мераб Двалишвили 34 жаста. Грузия өкілі UFC-дегі дебютін 2017 жылы өткізген. 2024 жылдың қыркүйегінде 61 келіге дейінгі жеңіл салмақта чемпион атанып, кейін үш мәрте белбеуін сәтті қорғады.
UFC 323 турнирінің өтетін күні мен орнын ресми түрде жарияланды
Оливейра мен Гамрот салмақ өлшеуде «тең» нәтиже көрсетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или