Oktagon чемпионы Жалғас Жұмағұлов титулын қорғауға қатысты пікір білдірді

Oktagon чемпионы Жалғас Жұмағұлов титулын қорғауға қатысты пікір білдірді

UFC-дің бұрынғы файтері, еуропалық Oktagon лигасының чемпионы Жалғас Жұмағұлов чехиялық файтер Давид Дворжакқа қарсы титулын қорғау жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Дворжак жауап бермей отыр. Әзірге ештеңеге қол қоймады… Өзім де жекпе-жек күнін күтіп отырмын. Шаршап кеттім. Қанша уақыттан бері жекпе-жексіз жүрмін? Өздері 28 желтоқсан деп қойған сияқты еді. Бірақ әзірге не келісімшарт, не басқа ештеңе жоқ… Күтіп жүрмін. Осы аптада болады деп уәде берген, бірақ апта бітейін деп қалды. Әзірге жаңалық осы», – деді Жұмағұлов Legalbet.kz тілшісі Виталий Гецке.

28 маусымда өткен Oktagon 73 турнирінде Жұмағұлов (18-9) грузин Бено Адамияны (12-9-2) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, ұйымның ең жеңіл салмақтағы чемпионы атанған еді.

UFC 323 турнирінің өтетін күні мен орнын ресми түрде жарияланды

Оливейра мен Гамрот салмақ өлшеуде «тең» нәтиже көрсетті

Илия Топурия Шавкат Рахмоновтың дивизионына өтуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или