Кирилл Панюков «Барыспен» сынақ келісімшарт жасасты

Кирилл Панюков «Барыспен» сынақ келісімшарт жасасты

«Барыс» шабуылшы Кирилл Панюковпен 2025 жылдың 31 қазанына дейін сынақ келісімшартын жасасқанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы хоккейші өткен маусымда да «Барыс» сапында ойнаған. Ол тұрақты чемпионаттағы 58 матчта 12 (8+4) ұпай жинады.

Панюков ҚХЛ-да «Амур», «Авангард» және «Ак Барс» клубтарының намысын қорғаған. Жалпы лигада ол 354 матч өткізіп, 83 (48+35) ұпай еншілеген.

Айта кетейік, бұған дейін «Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец: «Кирилл Панюков командаға ойын сапасы жағынан сай келмейді» – деп мәлімдеген болатын.

Қазақстандық хоккейші АҚШ-та шайба соқты

Қазақстандық қақпашы канадалық клубтың кезекті жеңісіне көмектесті

«Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңіліп қалды

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Авангардпен» келісімшартқа отырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или