«Қайрат» ойыншысы Дастан Сәтпаев тексерістен өтуге Қатарға барады

«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев қосымша тексерістен өту үшін Катарға барады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» шабуылшысы бүгін түнде Дохаға ұшады, онда дәрігерлердің ұсынымы бойынша қосымша медициналық тексерістен өтеді», — деп мәлімдеді алматылық клубтың баспасөз қызметі.
17 жастағы Сәтпаев жарақатына байланысты 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы қазан айындағы ойындарды өткізіп алады.
2025 жылы Сәтпаев «Қайрат» сапында 31 матч өткізіп, 14 гол соқты және сегіз нәтижелі пас берді. 2026 жылдың тамызында, Дастан 18 жасқа толғанда, ол ауысуы әлдеқашан рәсімделген Лондонның «Челси» клубына қосылады.
Футболшы жеті гол соққан матчтан кейін қамауға алынды
Қуат Хамитов: «Әлсіз команданы жеңіп, қуанып жүрсіңдер»
Талғат Байсуфинов Қазақстан - Лихтенштейн матчы туралы пікір білдірді