Англияның үш клубы «Лейпциг» қорғаушысын қатарына қосықысы келеді

«Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль» және «Челси» «РБ Лейпциг» пен Франция құрамасының орталық қорғаушысы Кастелло Люкебаға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Caught Offside мәліметінше, 21 жастағы ойыншының келісімшартында 90 миллион еуро көлемінде төлемақы сомасы көрсетілген, алайда неміс клубы шамамен 60 миллион еуроға жуық ұсыныстарды қарастыруға дайын.
Осы маусымда футболшы барлық турнирде жеті матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Люкебаның «Лейпцигпен» келісімшарты 2029 жылдың жазының соңына дейін есептелген.
Transfermarkt порталы қорғаушыны 40 миллион еуроға бағалап отыр.
Айта кетейік, Франция құрамасы сапында Люкеба алты ойын өткізді.
Футболшы жеті гол соққан матчтан кейін қамауға алынды
Қуат Хамитов: «Әлсіз команданы жеңіп, қуанып жүрсіңдер»
Талғат Байсуфинов Қазақстан - Лихтенштейн матчы туралы пікір білдірді