Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстан қола медаль иеленді

Үндістанның Ахмедабад қаласында су спортs түрлерінен Азия чемпионаты аясында әйелдер арасындағы су добынан үшінші орын үшін матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қола медаль үшін Қазақстан мен Таиланд құрамалары сынға түсті.
Негізгі ойын уақыты 6:6 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандықтар мықтырақ болып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 9:8.
Осылайша, Қазақстан құрамасы «қола» медаль иегері атанды.
Айта кетейік, бүгін, 11 қазанда, ерлер құрамасы да үшінші орын үшін жапониялық ватерполистерге қарсы ойнайды.
Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының финалына шыға алмады
Садақ атудан Қазақстан кубогының финалдық кезеңі өтіп жатыр
Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді