Футболшы 8:1 есебімен өткен ойындағы ірі жеңістен кейін жанжалдың ортасында қалды

Футболшы 8:1 есебімен өткен ойындағы ірі жеңістен кейін жанжалдың ортасында қалды

Финляндия чемпионатының бесінші дивизионында ойнайтын «Финнкурд» клубының бразилиялық футболшысы Жонатан Геррейро жанжалдың ортасында қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Corriere della Sera басылымының мәліметінше, ойыншы келісілген матчтарды ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Демалыс күндері шабуылшы чемпионаттағы кезекті ойында (8:1) командасына жеңіс әкелді. Кездесудегі жеті голдың барлығы дерлік оның еншісінде болды. Алайда жанкүйерлердің қошеметі орнына оны алаңның өзінде полиция қызметкерлері күтіп тұрды.

Нәтижесінде Геррейро қамауға алынды. Ал оның командасы «Финнкурд» шабуылшы мен капитаннан ғана емес, бапкерден де айырылды, себебі бразилиялық футболшы клубта екі қызметті қатар атқарған.

Қуат Хамитов: «Әлсіз команданы жеңіп, қуанып жүрсіңдер»

Талғат Байсуфинов Қазақстан - Лихтенштейн матчы туралы пікір білдірді

Вице-министр «Қайрат» - «Реал Мадрид» ойыны алдында жұрт неге дүрліккенін түсіндірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или