Әлем чемпионаты-2026. Қазақстан құрамасы топтан шыға ала ма?

Футболдан Солтүстік Македония құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында өткен матчта сырт алаңда Бельгиямен тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 0:0 есебімен тең аяқталды.
Осы ойыннан кейін Солтүстік Македония 12 ұпай жинап, J тобында көш бастап тұр. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасының топта үздік екілікке енгу мүмкіндігін төмендетіп жіберді. Тіпті мүлде мүмкіндік қалмады деуге негіз бар. Өйткені Қазақстан құрмасы ең көп болғанда 12 ұпай ғана жинайды. Ал Бельгия, Солтүстік Македония және Уэлс ойыншыларында бұдан көп ұпай жинауға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, келесі турда македониялықтар Қазақстан құрамасын қабылдайды, ал Бельгия Кардиффте Уэльспен кездеседі.
Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеуіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков қатарға қосылды
Руслан Балтиев: Андоррадан жеңілу – мұқият талдауды қажет ететін дабыл