Қазақстандық хоккейші АҚШ-та шайба соқты

Қазақстандық хоккейші АҚШ-та шайба соқты

WHL (Батыс хоккей лигасы) тұрақты маусымында «Спокан Чифс» командасы «Венатчи Уайлдті» ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 4:0 есебімен аяқталды. Айта кетерлігі, жеңіске жеткен команда сапында қазақстандық шабуылшы Асанәлі Сәркенов бір шайба соқты.

«Асанәлі Сәркенов Оуэн Мартиннің пасын сәтті пайдаланып, «Уэнатчи» қақпашысы Кэл Конвэйге гол соқты», - деп жазды клубтың ресми сайты.

Айта кетейік, 19 жастағы қазақстандық шабуылшы осы маусымда төрт ойын өткізіп, 2 ұпай (1+1) жинады.

Қазақстандық қақпашы канадалық клубтың кезекті жеңісіне көмектесті

«Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңіліп қалды

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Авангардпен» келісімшартқа отырды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или