Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Халықаралық инсайдерлердің айтуынша, «Kazakh Style» 6 желтоқсанда WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Ларамен белбеу біріктіру жекпе-жегіне шығады. Әлімханұлы қазір АҚШ-та, шаршы алаңға қайта шығуға дайындалып жатыр. Ол жекпе-жектің сәтті болатынына сенімді.
«Жақында... оңай жұмыс!», — деп жазды боксшы Х әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізіп, франциялық қарсыласы Анауэль Нгамиссенгеді (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Ресми: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек өткізеді
Жәнібек Әлімханұлы желтоқсанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Қарсылас белгілі
Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді