Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Орта салмақтағы екі әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) арасындағы жекпе-жек өтетін күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Дэн Рафаэльдің хабарлауынша, жекпе-жек 6 желтоқсанда Техас штатының Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank орталығында өтеді. Орта салмақтағы WBO, IBF және WBA титулдары үшін жекпе-жек PBC PPV бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. Негізгі жекпе-жекте мексикалық Айзек Крус (28-3-1, 18 КО) пен америкалық кіші Ламонт Роуч (25-1-2, 10 КО) бірінші жартылай орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Қазақстан уақыты бойынша, шара 7 желтоқсан күні таңертең өтеді.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізіп, франциялық қарсыласы Анауэль Нгамиссенгеді (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Ресми: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек өткізеді

Жәнібек Әлімханұлы желтоқсанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Қарсылас белгілі

Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или