Оливейра жеңіл және жартылай орта салмақтағы чемпиондық жарыс туралы пікір білдірді

Оливейра жеңіл және жартылай орта салмақтағы чемпиондық жарыс туралы пікір білдірді

UFC-дің бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейра жеңіл және жартылай орта салмақтағы чемпиондық жарыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Оливейра 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеу үшін өткен жекпе-жекте Илия Топуриядан жеңілген болатын. Топурия бұл белбеуді Ислам Махачев 77 келідегі чемпиондық айқас үшін босатқаннан кейін иеленді.

«Көп нәрсе әлі өзгеруі мүмкін. Қазір, менің ойымша, титулды жекпе-жекке ең жақын тұрған — Джастин Гейджи. Оның мансабының соңғы кезеңі, сондықтан оған осындай мүмкіндік беру орынды болар еді. Арман Царукян қарашада жұдырықтасады, одан бөлек Пэдди бар. Пимблетт пен Топурия бір-бірін ұнатпайды — бұл бизнес үшін жақсы.

Қараша айында Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жекті көреміз. Мүмкін, Топурияға Махачевтің соңынан жартылай орта салмаққа өту қызық болар, кім біледі. Барлығы мүмкін», — деді Оливейра TNT Sports арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта UFC жартылай орта салмақ дивизионының рейтингінде үшінші орында тұр.

Қазақстандық нокаутшы жақсы жаңалық алды

Қазақстандық файтер ММА турнирінде өзбек қарсыласын жеңді

UFC чемпионы Алекс Перейраның жекпе-жегін бағалады

МакГрегор 18 айға жарыстардан шеттетілді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или