Қазақстан құрамасының бас бапкері Қазақстан - Лихтенштейн матчы туралы ойын айтты

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Лихтенштейнге қарсы өткен матч нәтижесіне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Qazsport арнасына сілтеме жасап.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Қазақстан 4:0 есепбімен жеңіске жетті.
- Жеңіспен құттықтаймын. Біз сегіз күн дайындалдық. Әрине, төрт гол соқтық, сондықтан жоспарлаған нәрселеріміздің көбін орындадық деп айта аламыз. Алда әлі көп жұмыс бар: бүгін кешке ойынның жазбасын қарап, талдау жасаймыз және Македониямен кездесуге дайындықты бастаймыз. Біздің ойыншыларға берген тапсырмаларымыз ұнады — жанкүйерлер де соны көрді. Футболшылар бәрін түсінді, допты бақылап, комбинацияларда жақсы ойнады, бірақ алда әлі атқарар іс көп.
- Бақтиер Зайнутдинов РПЛ-да орталық қорғаушы ретінде ойнайды. Бүгін ол өз міндетін қалай орындады деп ойлайсыз?
- Біз оны бастапқыда орталық қорғанысқа қоюды ойладық. Әңгімелестік те дәл сол позицияда қолдануға шешім қабылдадық. Біз бұрыннан бір-бірімізді жақсы білеміз, және ол әрдайым командаға қажет жерде ойнауға дайын. Бүгін ол үлкен жұмыс атқарып, серіктестеріне көмектесті.
Айта кетейік, 13 қазанда команда Солтүстік Македонияға қарсы сырт алаңда ойын өткізеді.
Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді сезбей өтті. Екінші жеңіс еншімізде
«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков қатарға қосылды
Руслан Балтиев: Андоррадан жеңілу – мұқият талдауды қажет ететін дабыл