Грузияда мәнерлеп сырғанаудан ірі халықаралық турнир басталды

Тбилисиде (Грузия) мәнерлеп сырғанаудан ірі халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирде әйелдер арасында қысқа бағдарлама бойынша сайыс өтті.
Аралық көшбасшылықты Грузия өкілі Анастасия Губанова иеленді - 65.76 ұпай.
Италиялық Анна Пеццетта екінші орын алса (64.32), ал Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин үздік үштікті түйіндеді (62.10).
София Фарафонова 23-орын алды - 29.20 ұпай, Амина Алексеева - 24-орында (25.29), ал Русалина Шакрова - 25-орынға тұрақтады (24.07).
Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде екі медаль жеңіп алды
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Денис Тен мемориалында жеңіске жетті
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен мемориалында жеңіске жетті