Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеуіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеуіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана Аренада» Талғат Байсуфиновтің шәкірттері Лихтенштейнді қабылдады. Ойындағы алғашқы голды Ғалымжан Кенжебек соқты - ол қарсылас қақпасын алыстан дәл көздеді.

Кейін Кенжебектің пасынан кейін Бақтиер Зайнутдинов көзге түсті. Бұл ұлттық команданың үздік сұрмергенінің құрамадағы 15-голы болды.

Ал екінші таймда Кенжебек дубль авторы атанды. Кездесу нүктесін 81-минутта Әлібек Қасым қойды, ол бұрыштамадан соң доп салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы J тобындағы екінші жеңісіне қол жеткізді, қазір еншісінде алты ұпай бар. 

Айта кетейік, құраманың бас бапкері міндетін атқарушы Талғат Байсуфинов ұлттық командамен бірге алғаш рет ресми матчта жеңіске жетті.

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков қатарға қосылды

Руслан Балтиев: Андоррадан жеңілу – мұқият талдауды қажет ететін дабыл

Қазақстан жастары масқара жеңіліске ұшырады

«Барселона» түлегі Қазақстан құрамасында ойнауға ниетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или