Анна Данилина Ухандағы турнирдің ширек финалында жеңді

Анна Данилина Ухандағы турнирдің ширек финалында жеңді

Қытайдың Ухан қаласында WTA1000 турнирі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен (8-ракеткалар) жұптасып, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

1/4 финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы сербиялық серіктесімен бірге канадалық Бьянка Андрееску мен қытайлық Юань Юэден құралған жұпты 6:4, 7:6 (7:1) есебімен жеңді.

Турнирдің жүлде қоры - 3 654 963 АҚШ доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или