Жәнібек Әлімханұлы үш белбеуді сарапқа салынатын жекпе-жекке қол қойды

Жәнібек Әлімханұлы үш белбеуді сарапқа салынатын жекпе-жекке қол қойды

WBO және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы уақытта үш белбеуді сарапқа салынатын жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшының менеджері Берік Сұлтанның айтуынша, қазақстандық былғары қолғап шебері келесі титулдық жекпе-жекке қол қойған:

«Біз барлық қазақстандықтар асыға күткен тарихи жекпе-жекке келісім-шартқа қол қойдық. Бұл орта салмақты дүр сілкіндіретін кездесу болмақ.

Алдағы күндері промоутерлік компаниялар ресми хабарлама жасайды. Алдымызда ғаламат шоу күтіп тұр.

Басты мақсатымыз - төрт белбеудің барлығын біріктіруге апарар жолдың жартысын жүріп өттік. Құдай қаласа, тарих жасаймыз. Біз бар күшімізді салып жатырмыз және көп ұзамай еңбегіміздің нәтижесін көреміз.

Мен сіздерді қуантқым келді және осы тамаша жаңалықпен алдын ала бөлісуді жөн көрдім!» - деді Берік Сұлтан.

Отандасымыз WBA чемпионы, 42 жастағы Эрисланди Ларамен кездеседі. BoxingScene дерегінше, Әлімханұлы мен Лара арасындағы жекпе-жек 6 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас штаты) өтетін бокс кешінде жоспарланып отыр. Сол кештің басты айқасы Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крус арасындағы жекпе-жек болмақ.

Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 5 сәуірде Астанада өткізіп, француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгуды нокаутқа түсірген болатын. Лара соңғы рет 2024 жылдың 14 қыркүйегінде мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Эдгар Берланганың андеркардында Лас-Вегаста жекпе-жек өткізіп, әлемнің бұрынғы екі дүркін чемпионы Дэнни Гарсияны жеңді.

Жәнібек Әлімханұлы желтоқсанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Қарсылас белгілі

Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді

Геннадий Головкин Али, Тайсон, Пакьяо, Хопкинс, Усик және Кроуфордпен бір қатарға қойылды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или