2034 жылға жоспарланған футболдан әлем чемпионаты 2035 жылы өтуі мүмкін

2034 жылға жоспарланған футболдан әлем чемпионаты 2035 жылы өтуі мүмкін

ФИФА ресми түрде 2034 жылғы футболдан Әлем чемпионатының Сауд Арабиясында өтетінін және оның әдеттегі мерзімнен кейінге шегерілгенін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік дода тарихта алғаш рет тақ жылы — 2035 жылдың қаңтарында өтеді. Бұл турнирдің қыста ұйымдастырылатын екінші жағдайы болмақ (алғашқысы 2022 жылы Катарда өткен еді).

Мұндай шешімнің басты себебі — 2034 жылдың қараша-желтоқсан айлары қасиетті Рамазан айына сәйкес келуі. Осыған байланысты ФИФА жарысты қаңтарға ауыстыруды жөн көрді.

Бұл шешім футбол тарихында бұрын-соңды болмаған қадамдардың бірі саналады. Сауд Арабиясы алғаш рет әлем чемпионатын қабылдағалы отыр, ал турнирдің қыс айында және тақ жылы өтуі жанкүйерлер үшін ерекше тәжірибе болмақ.

Әлем чемпионатына іріктеу матчында 10:0 есебі тіркелді

Қазақстан – Лихтенштейн матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойын алдында жаттығу өткізді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или