Қазақстан – Лихтенштейн матчында польшалық төрешілер қызмет етеді

Қазақстан – Лихтенштейн матчында польшалық төрешілер қызмет етеді

Әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Лихтенштейн арасындағы ойынға Польшадан келген төрешілер тобы қазылық етеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу бүгін, 10 қазан күні Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Басты төреші міндетін тәжірибелі Павел Рачковский атқарады. Оған көмекші болып Марчин Боньек пен Бартош Хейниг жұмыс істейді.

Төртінші төреші қызметін Патрик Грыцкевич атқарады.

VAR жүйесінде Петр Ласик, ал aVAR ретінде Павел Пскит жұмыс істемек.

Бұл бригада бұған дейін де УЕФА мен ФИФА аясындағы бірқатар маңызды матчтарды басқарған тәжірибелі мамандардан құралған.

Қазақстан – Лихтенштейн матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойын алдында жаттығу өткізді

2014 жылғы атышулы дрон инцидентінің авторы матчтың келісілгенін мәлімдеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или