Денис Мамонов: Біртіндеп еліміз мақтан тұтатын нәтижеге жетеміз деп ойлаймын

Денис Мамонов: Біртіндеп еліміз мақтан тұтатын нәтижеге жетеміз деп ойлаймын

Қазақстан U-21 құрамасының аға бапкері Денис Мамонов Андоррамен (U-21) өткен матчтан (0:1) кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

– Бүгінгі ойын нәтижесіне барлық ойыншы мен бапкерлер құрамының көңілі толмады. Бәрі командаға үлкен үміт артқанын жақсы түсінеміз. Біз жанкүйерлерге жеңіс сыйлағымыз келді.

Бірақ, бәрі жоспардағыдай болмады. Стандарт жағдайда ойынға зейінді жоғалтып алдық, сол үшін нәтиже шықпады. Дегенмен, жігіттер бар күшін салды, соңына дейін ойнады.

Біз сылтау іздеп отырған жоқпыз. Ұзақ жол мен уақыт айырмашылығы әсер еткені рас, бірақ ол ойынның тағдырын шешпейді. Ең бастысы, осы матчтан сабақ алу. Мұндай сәттерде тұрақтылық, сенімділік және сабыр сақтау маңызды.

Дереу ойынға толық талдау жасап, негізгі эпизодтарды қарастырамыз және стандарттар мен өтпелі сәттердегі әрекеттерімізді түзетеміз. Алдағы кездесулерде бұл команда өз әлеуетін, мінезін және өсуге деген ұмтылысын көрсетеді деп сенемін.

Жастар құрамасы – қазақстандық футбол жүйесінің ажырамас бөлігі. Біз бар ынтамен жұмыс істеп жатырмыз. Біртіндеп еліміз мақтан тұтатын нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.

Қазақстан жастары масқара жеңіліске ұшырады

Руслан Балтиев: Андоррадан жеңілу – мұқият талдауды қажет ететін дабыл

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или