Қазақстандық қақпашы Данай Шайиков канадалық клубтың кезекті жеңісіне көмектесті

Канадада Квебек Үлкен жасөспірімдер шайбалы хоккей лигасының (QMJHL) кезекті маусымдық ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Gatineau Olympiques өз алаңында Drummondville Voltigers командасын 3-2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, алаң иелері екі кезеңнен кейін 0:2 есебімен жеңіліп жатып, камбэк жасап, 3:2 есебімен басым түсті.
18 жастағы қазақстандық Данай Шайиков бүкіл матчты Gatineau Olympiques қақпасында өткізді.
Айта кетейік, тұрақты маусым басталғалы Шайиков сегіз ойынның алтауында өнер көрсетіп, оның бесеуінде командасы жеңіске жеткен.
Қазіргі уақытта қазақстандық ойыншылар клубы QMJHL Батыс конференциясында 10 ұпаймен үшінші орында келеді.
«Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңіліп қалды
«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Авангардпен» келісімшартқа отырды