Қазақстан жастары масқара жеңіліске ұшырады

Қазақстан құрамасы 2027 жылғы футболдан жастар арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Андоррамен сырт алаңда ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч Андорра-ла-Велладағы «Эстади Насьональ» стадионында өтіп, португалиялық төреші Жоау Гонсалвеш төрелік етті.
Қазақстан басым фаворит болғанымен, бірінші таймның көп бөлігін қорғаныста өткізді. Андорра толассыз шабуыл жасап, есеп ашуға мүмкіндіктері болды, бірақ қонақтарды бір сәтте бағана құтқарып қалды. Екінші таймда аз ғана өзгеріс байқалды. Бұрыштама добынан кейін Иван Родригес Домингес Дулат Талыспаевтың қақпасына әдемі гол соқты. Қазақстандықтар есеп теңестіруге тырысқанымен, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
13 қарашада Қазақстан сырт алаңда Словакиямен ойнайды.
Алматыдағы матч Мбаппенің денсаулығына кері әсер етті
Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойын алдында жаттығу өткізді
2014 жылғы атышулы дрон инцидентінің авторы матчтың келісілгенін мәлімдеді