«Барыс» танымал хоккейшіні қатарына қоспақ

«Барыс» танымал хоккейшіні қатарына қоспақ

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков астаналық «Барыс» клубына оралады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, хоккейші екі жақты келісімшартқа қол қояды.

Еске салайық, жазда форвард «Барыспен» сынақ келісімшарты бойынша жаттығып жүрген еді, алайда клуб толыққанды келісімге қол қоймаған болатын.

28 жастағы Кирилл Панюков өткен маусымдағы КХЛ тұрақты чемпионатында «Барыс» сапында 58 матч өткізіп, 12 (8+4) ұпай жинаған. Сондай-ақ ол бұған дейін КХЛ-де «Ақ Барс», «Авангард» және «Амур» клубтарында ойнаған.

«Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңілді

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Авангардпен» келісімшартқа отырды

«Ак Барс» — «Барыс» матчы қалай өтті. Видео

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или