Алан Агаев Қазақстан құрамасында ойнау мүмкіндігі туралы ойын бөлісті

Павлодар футболының түлегі және «Барселона» академиясының түлегі Алан Агаев Қазақстан құрамасында ойнау мүмкіндігі туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол жақын уақытта ұлттық құрамаға шақырту алатынына сенімді екенін айтты. Сондай-ақ футболшы «Челябинск» клубындағы бейімделу үдерісі жайлы сөз қозғады.
«Жаңа қала, жаңа клуб ұнайды. Өмірім жаңа басталғандай әсерде болдым.
Ал Қазақстан жайлы айтсам — мен ешқандай делдалсыз өзім-ақ ҚР төлқұжатын қайтара аламын, өйткені тағы да көмектескісі келгендер болды. Бірақ мен бұған дейін-ақ айттым — маған көмектескені үшін ешкімге қарыз болғым келмейді. Заң бойынша мен төрт айдан кейін қазақ төлқұжатын қайтара аламын — яғни, басқа азаматтық алған сәттен бастап бес жыл өтуі керек. 2026 жылдың ақпанында тура бес жыл толады. Мен қайтарамын. Қазақ төлқұжатымды алған сәтте-ақ мені Қазақстан құрамасына шақыратынына сенімдімін», — деді Ағаев Legalbet.kz тілшісі Виталий Гецке берген сұхбатында.
20 жастағы Ағаев — Павлодар қаласының тумасы. 2015 жылға дейін және 2018-2020 жылдары «Ертіс» академиясында ойнаған. 2015 пен 2018 жылдар аралығында «Барселона» жүйесінде жаттыққан.
2020 жылы Ағаев Ресейге көшіп, Мәскеудің «Родина» клубы жүйесінде оқуын жалғастырды. Ресейлік клубтың негізгі құрамында тоғыз ойын өткізген. 2023 жылы Ресейдің жастар құрамасына шақырылып, бір матчқа қатысқан.
Алматыдағы матч Мбаппенің денсаулығына кері әсер етті
Қазақстан құрамасы Лихтенштейнге қарсы ойын алдында жаттығу өткізді
2014 жылғы атышулы дрон инцидентінің авторы матчтың келісілгенін мәлімдеді